×

Шымкентте студенттерді бопсалаған топ ұсталды (ВИДЕО)

Қазір күдіктілер тергеліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2024 | 09:30
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласында 3 студентті ұрлап кетіп, олардан ақша бопсалаған топ ұсталды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, жоғары оқу орнының студенттерін 6 жігіт көлігіне отырғызып, қаланың сыртына алып шыққан. Содан кейін ақшаға бопсалап, 700 мың теңгеге онлайн несие алдыртқан.

Қазір қылмыстық топ ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру кезінде бір топ адамның жоғары оқу орындарының бірінен 3 студентті қаланың сыртына әкетіп, ақша бопсалағаны анықталды. 20 жастағы 6 жігіттің қылмыскерлердің ықпалына түсіп, бопсалау мен басқа да қылмысты жасағаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама