Ақмола облысында аудандық полиция бөлімінің орынбасары қамауға алынды

Динара Амантай

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында аудандық полиция бөлімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық соттың қаулысымен аталған азаматқа қатысты «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.

Бұланды ауданы полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Д. мүлікке қарсы ауыр қылмыс – алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы), – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.