Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
Ақмола облысында аудандық полиция бөлімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық соттың қаулысымен аталған азаматқа қатысты «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.
Бұланды ауданы полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Д. мүлікке қарсы ауыр қылмыс – алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы), – делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.