Намибия президенті қайтыс болды

Дастан Жұмабекұлы

Оған қаңтарда қатерлі ісік диагнозы қойылған еді 

Фото: namibian.com.na

Намибия президенті Хаге Готфрид Гейнгоб 82 жасында қайтыс болды.

Namibian.com.na-ның хабарлауынша, ол қатерлі ісікпен ауырып, ауруханада әйелі мен балаларының ортасында көз жұмған. Қаңтар айында Намибия президентінің кеңсесі Гейнгобқа қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған еді.

Алдағы уақытта Намибияның уақытша президенті қызметін вице-президент Нанголо Мбумба атқаратын болады.