Күдікті жазасын алуға тиіс
Елордадағы «Эдем Палас 2» тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, оқиға 4 ақпанда сағат 14:57-де болған. Белгісіз адам пәтерден шығып, балаларды ұрған. Мұны білген балалардың бірінің әкесі бірден жедел жәрдем шақырған.
Кәмелетке толмаған балалармен бірге ата-аналар қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар үйге кешкі сағат 19:40-та жіберілді.
Қазір бұл дерек негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Мұндай оқиғалар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып жатыр. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қорқыту олардың құқығын бұзады. Қоғам, Үкімет және құқық қорғау органдары мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кінәлілерді жауапқа тарту шараларын қабылдауға міндетті, - деп жазылған Балалардың құқығын қорғау комитеті таратқан хабарламада.