Бұған дейін тұрғындарды боқтап сөйлеген ауыл әкімі түсініктеме жазып құтылғаны айтылған
Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов Ақсан ауылдық округінің әкімі Кенжебек Дүйсенбаевтың тұрғындармен дауласып жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты пікірін айтты.
Ауыл әкімінен түсініктеме алынды, оның әрекеті қаралады. Әрине, басқаша сөйлесу керек еді. Әкімшілік кодекс бойынша ауыл тұрғыны өз малына жауап беруге тиіс, - деді ол.
Видеоға қатысты жағдай Баянауыл ауданының әкімдігінде, кейін облыстық әдеп жөніндегі кеңесте талқыланған. Кеңес мүшелері бірауыздан Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожиновке қарамағындағы адамға (ауыл әкімі) тәртіптік жаза қолдануды – қатаң сөгіс беруді ұсынды.
Бұған дейін тұрғындарды боқтап сөйлеген ауыл әкімі түсініктеме жазып құтылғаны жайында жазған едік.
Мамыр айының басында әлеуметтік желіде Ақсан селолық округінің әкімі Кенжебек Дюсенбаев пен ауыл тұрғындарының арасындағы даулы әңгіменің видеосы тарады. Онда атқарушы билік өкілі мен ауыл азаматтарының сөзге келіп қалғанын байқауға болады. Жергілікті жұртшылық 100-ге жуық ірі қара малдың әкімнің отбасына тиесілі жерге кіріп кеткенін айтады. Салдарынан Кенжебек Дюсенбаев көрші ауылдардан учаскелік полиция инспекторларын жинап әкеліп, малдарды қамап қойған. Тіпті, айыппұл салып үлгеріпті.
Halyq Uni тілшісі даулы видеодағы ауыл тұрғындарын тауып, тілдескен болатын. Олар аты-жөнн ашып жазбауды өтінді, себебі қудалауға ұшыраймыз ба деп алаңдайды.