×

Өскеменде мектептегі төбелестен екі оқушы пышақ жарақатын алды

Мектепке жедел жәрдем мен полиция шақырылды

 Еркеғали Болатұлы 01.02.2024 | 11:14
фото: видеодан скриншот

Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, орта мектеп оқушысы екіншісіне кәдесый бәкісін сермеген. Салдарынан өзі де жарақат алды.

Оқушылардың бірінің қолы, екіншісінің беті кесілген. Мектепке жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын атап өтті.

Барлық мән-жай анықталып жатыр. Бақылау камераларынан видеолар зерттеліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деді Татьяна Карпова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама