×

Ботақарада жарылыстан қаза тапқандар жергілікті полицейдің ата-анасы болып шықты

12 пәтерлі тұрғын үйдің 2-қабатында газ жарылған еді

 Еркеғали Болатұлы 30.01.2024 | 16:38
фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы жарылыста полиция қызметкерінің әкесі мен анасы қаза тапты. Қызметкерге облыстық полиция департаментінің өкілдері көңіл айтты.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Омаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетсек, Қарағанды облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде бүгін сағат 00:07-де болған еді. Екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйдің 2-қабатында газ жарылуы салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде 35 адам болған. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан шығарылған 2 адамнан бөлек, тағы 5 адам зардап шеккен. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама