×

Сәтбаевта жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланады (ВИДЕО)

Іс сотта қаралады

 Дәурен Ерболат 29.01.2024 | 09:06
Скрин видео

Сәтбаев қаласының орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция заңды бұзу дерегін әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Желіде жарияланған видеодан Сәтбаевтағы орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында BMW және Mercedes көліктері иелерінің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Осылайша, олар жолда қауіпті жағдай туғызған.

Полицейлер қалада тұратын 20-25 жастағы екі адамды тауып, әкімшілік жауапқа тартты. Көліктер айыптұраққа қойылды.

Жүргізушілердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама