Павлодарда кәріз құдығынан мәйіт табылды

Еркеғали Болатұлы

Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады

фото: Halyq Uni

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция оның жеке басын анықтады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.

Аталған факті Павлодар қалалық полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.