Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті анықталды

Динара Амантай

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұзақылық әрекетпен адамға қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.