Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұзақылық әрекетпен адамға қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.