×

ШҚО-да боранда адасқан адамның денесі табылды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

 Дәурен Ерболат 26.01.2024 | 17:50
Фото: polisia.kz

ШҚО-да боранда адасқан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға Маралды ауылдық округінде болған. Үшбұлақ ауылынан атпен келе жатқан 2 адам боранда адасып кеткен.

ШҚО ПД мәліметінше, 2 адамның бірі тиісті жерге жеткен. Аман қалған адамның айтуынша, серіктесімен бірге жолда түнеуге тура келген. Бірақ таңертең ол таңертең жолдасының қатты аяз салдарынан қайтыс болғанын көрген. 

Марқұмның денесін полиция мен ТЖД қызметкерлері бірнеше күн іздеген.

Мәйіт табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін ШҚО-да бірнеше ауылдың әлі қар құрсауында жатқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама