×

«Ата жолы» картасы қанша этникалық қазаққа берілді?

Оның ішінде ауқатты этникалық қазақтар да бар

 Дәурен Ерболат 26.01.2024 | 13:06
Фото: gov4c.kz

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев былтыр «Ата жолы» картасы қанша этникалық қазаққа берілгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір елімізде бизнес иммиграцияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондықтан этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңеюде. Бүгінде Ресей, Моңғолиямен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ пен Еуропалық одақ елдеріндегі этникалық қазақтар да қызығушылық танытып жатыр. Бүгінде «Ата жолы» картасы 44 этникалық қазаққа берілді. Оның ішінде сұранысқа ие 24 мамандық иесі, 20 кәсіпкер бар, - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, «Ата жолы» картасы Қазақстанда кәсіп ашқысы келетін немесе жоғары сұранысқа ие этникалық қазақтарға беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама