Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен бірге өнер көрсетті

Халық үні

Қазақстандық әнші әлеуметтік желіде видеоның үзіндісін жариялады

Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген испан опера әншісі Пласидо Домингомен бірге сахнада өнер көрсетті. Бұл туралы қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жариялады.

Өнерпаздар VIRTUOSOS V4+ бірегей форматтағы классикалық музыка саласындағы халықаралық байқауының финалында бірге өнер көрсеткен.

Будапештте өтіп жатқан байқауда Пласидо атамызбен Жорж Бизенің «Pearl fishers» операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындадық, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Видеоның толық нұсқасын мына жерден көруге болады.