×

Астананың сот алқасы Нұржан Әлтаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Бұрынғы вице-министр 10 жылға сотталды

 Халық үні 16.01.2024 | 14:33
коллаж: Halyq Uni

Астана қаласының сот алқасы бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2023 жылдың 11 қарашасында Нұржан Әлтаев қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласы сотының баспасөз қызметі сот алқасының бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырғанын растады.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен («Атамекен» ҰКП бұрынғы басқарма төрағасы)пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) қаражат алды деп айыпталды.

2024 жылдың 15 қаңтарында Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті.

Абылай Мырзахметовке қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігі (пара беруге көндіру), 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама