×

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адам арнайы төлемді қалай алады?

Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы төленеді

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 09:01
Фото: Halyq Uni

1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Ол қалай және кімге төленетінін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Астана бойынша департаментінің басшысы Қанат Тоқтыбаев айтты.

Оның айтуынша, арнайы әлеуметтік төлем – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін төлем. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы төленеді.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру төрт не екі жолмен төленеді. Мысалы, еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлем мен жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлемді 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі-жинақтауға байланысты арнайы әлеуметтік төлемді алуға болады.

Төлем 55 жасқа толғанда, жұмысшы үшін 84 ай (7 жыл) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді растағанда, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстырғанда тағайындалады. Сонымен бірге төлем зейнет жасына толғанға дейін төленеді. Өйткені зейнетақы тағайындалғаннан кейін олар тоқтатылады.

Арнайы әлеуметтік төлемдер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау құралдарының бірі саналады.

Төлем алушы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істей алмайды. Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және зиянды еңбекке орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады, – деді Қанат Тоқтыбаев.

Арнайы әлеуметтік төлем алу үшін қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша зиянды еңбек жағдайларына байланысты емес сол кәсіпорындағы басқа жұмысқа ауысуды ресімдеуді таңдау керектігін айтты. Сонымен бірге ол зиянды еңбек жағдайына байланысты емес кәсіпорыннан тыс басқа жұмысқа өз бетінше орналасуға, еңбек қызметін жалғастырмауға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама