×

Астанада бірнеше құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмысымен қош айтысты

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 16:25
Фото: gov.kz

Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы былтыр құрылыс комманияларын жоспардан тыс тексеріп, 288 заң бұзушылықты анықтады. Соның нәтижесінде 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, құрылысты тиісті деңгейде бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы жауапқа тартылды. Сонымен бірге 22 техникалық қадағалау сарапшысының кейбіреуінің аттестаты жарты жылға тоқтатылып, кейбір сарапшы аттестаттан айырылды, – делінген хабарламада.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды. Олардың арасында NAK development, «БазисДоСтрой», «КСМК-АФ»,  DBK-Engineering, «Пропилон», ANA Astanа, X-clusive Qurylyus Group ЖШС мен «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама