×

Қайтыс болған имамның отбасына пәтер берілді

Үйдің жалпы аумағы - 85,1 шаршы метр

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2022 | 14:31
фото: korter.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен белгілі ғалым, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі марқұм Бауыржан Әлиұлының отбасына Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Бұл туралы Діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

Бауыржан Әлиұлының отбасы бұған дейін басқа да дінге қызмет етіп жүрген ғалым ұстаздарымыз секілді ҚМДБ-ның қызметтік пәтерінде тұрып келген еді. Ұстаздың жаназасында ҚМДБ өкілдері Діни басқарма атынан Бауыржан Әлиұлының артында қалған отбасына пәтер берілетінін айтқан болатын.

Бүгін Бас мүфти ұстаздың шаңырағына арнайы келіп, ата-анасына көңіл айтты. Құран оқып, рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, ата-анасына кәсіпкерлердің демеушілігімен сатып алынған үш бөлмелі үйдің құжаттарын тапсырды. ҚМДБ төрағасы одан әрі Бауыржан Әлиұлының зиратына барып, дұға қылды, - деді ол.

Бауыржан Әлиұлының отбасына Sofia тұрғын үй кешенінен берілді. Пәтердің жалпы аумағы - 85,1 шаршы метр. Кешен аумағында үш мектеп, екі балабақша, емхана және жаңадан салынып жатқан зәулім мешіт бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама