Назарбаевтың монументі алынды: Қорғаныс министрлігі түсінік берді
Ескерткіш 2020 жылы жазда орнатылған
Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы тұңғыш президент ескерткішінің алынуына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Тұңғыш президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің» атауы «Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді.
Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан тұңғыш президенттің ескерткішін ҚР Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи музейіне көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазір ескерткіш қорғаныс ведомствосына қарасты ғимаратқа уақытша қойылды. Дайындық жұмысы жүргізілгеннен кейін ескерткіш музейге орнатылады, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің алынып тасталғаны хабарланған еді.