Семейліктерге қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Динара Амантай

Олардың әрекеттері бейнекамераға түсіп қалған

Фото: polisia.kz

Семейліктерге қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қоғамдық пайдалану орындарының ластану фактілерін Семей қаласының жедел басқару орталығының камералары анықтады. Тұрғындардың темекі шегіп, оның тұқылын жерге тастағаны камераға түскен. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұсақ бұзақылық – азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық.