×

Талдықорған әкімі көлігінің жалған нөмірмен жүргеніне жүргізушісі кінәлі болды

Жазасын өтегеннен кейін Абданиев жұмыстан шығарылады

 Еркеғали Болатұлы 09.01.2024 | 09:15
фото: Halyq Uni

3 қаңтарда сағат 05:00 шамасында Талдықорған полицейлері қалалық әкімдікке тиесілі көліктің жалған мемлекеттік нөмірмен жүргенін анықтаған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші мемлекеттік нөмірі тіркелмеген көлікті өз бетінше пайдаланған. Оны тоқтатқан уақытта ішінде Талдықорған қаласының әкімі Е.Д. Василий болмаған.

Аталмыш факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі («Көлікті пайдалану ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Р.Б. Абданиев 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ол 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Жүргізушінің жазасы 9 қаңтарда аяқталады. Жазасын өтегеннен кейін Абданиев жұмыстан шығарылады.

Сондай-ақ «ҚР әкімінің аппараты» ММ «Шаруашылық басқармасы» КММ автопаркінің басшысына жол құжатынсыз көлікті шығару фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны хабарланды. Д.А. Молдабаевқа 10 АЕК, яғни 36 920 теңге айыппұл салынды.

Ұқсас және басқа да заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында автопарк қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп мәлімдеді әкімдік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама