Өскеменде жасөспірім үйдің кіреберісіне дәрет сындырған

Дәурен Ерболат

Баланың бұл әрекеті видеоға түсіп қалған

Скрин видео

Өскеменде полиция көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған жасөспірімнің ана-анасын жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 7 қаңтар күні таңертең Лихарев көшесінде болған. Бір топ жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісіне кірген. Онда олардың біреуі дәрет сындырған. Жасөспірімнің заңға қайшы әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Содан кейін бұл видео интернетте жарияланған.

Сол күні полиция құқықбұзушының кім екенін және оның қайда тұратынын анықтады. Оның 16 жастағы жасөспірім екені белгілі болды. Бала жағалауда достарымен серуендеп жүріп, көпқабатты үйдің кіреберісіне кірген. Осылайша, заңға қайшы әрекет жасаған. Бұзақының анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435, 442-бабтары бойынша 2 хаттама толтырылды, – делінген хабарламада.