×

Еліміздегі жұмыс іздеушілерге енді жасанды интеллект көмектесе алады

Ол жалақының көлеміне де қатысты ең тиімді ұсынымдарды шығарып береді

 Еркеғали Болатұлы 04.01.2024 | 15:57
фото: 24mektep.edu.kz

Электронды еңбек биржасына жасанды интеллект жүйесі енгізілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде порталда жұмыс іздеушілер өз түйіндемелерін жарияласа, жұмыс берушілер бос орындар туралы ақпаратты орналастырып отырады. Ал жасанды интеллект барлық ақпаратқа талдау жасап, екі жаққа да тиімді ұсынымдарды жібере алады.

Осы ұсыныс жүйесін әзірлеу кезінде LinkedIn Recruiter іздеу және ұсыныстар жүйесіне ұқсас озық архитектура қолданылды. Жасанды интеллект табиғи тілді өңдеу модельдеріне негізделген. Соның арқасында түйіндеме мен бос жұмыс орындарының мазмұнын жан-жақты талдауға мүмкіндік бар, - дейді министрлік мамандары.

Жаңа механизм жұмыс берушілерге қажетті кандидаттарды жылдам және нақты іздеуге, ал жұмыс іздеушілерге мансабын жалғастыру үшін қолайлы бос жұмыс орындарын табуға жағдай жасайды.

Жасанды интеллект жалақының көлемі, тұрғылықты жері, көшу мүмкіндіктері, дағдылар және тағы басқа параметрлерді ескере отырып, ең тиімді ұсынымдарды шығара алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама