×

Ақмола облысында боранды күні 2 шопан адасып кетті

Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді

 Динара Амантай 03.01.2024 | 16:50
Фото: Ақмола обл. ТЖД-ның баспасөз қызметі

Ақмола облысында боранды күні 2 шопан адасып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кеткен. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оларды іздеуге кірісті.

Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді. Бір жарым сағат іздеуден кейін олар Түрген ауылынан 15 шақырым қашықтықтан табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама