×

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр

 Динара Амантай 03.01.2024 | 14:33
Фото: polisia.kz

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 22:20 шамасында «Өскемен-Шемонаиха» автожолының 8-шақырымында, Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында Toyota Corona Premio және Toyota Vista соқтығысқан. Салдарынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім қаза тапқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті осы қайғылы апатта қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және жол қозғалысы қатысушыларын белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама