×

Абай облысында жүргізуші полицияның ескертуіне қарамастан жабық жолға шығып кеткен (ВИДЕО)

Ол бұл әрекеті үшін сотта жауап береді

 Дәурен Ерболат 03.01.2024 | 09:10
Фото: polisia.kz

Абай облысында жүргізуші полицияның талабына бағынбаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолға шығуға тыйым салынған. Алайда Курчатов қаласында 30 жастағы жүргізуші тыйымға қарамастан Семей қаласына қарай жолға шыққан. Жүргізуші полицейлерден жасырынуға да тырысқан. Болған жағдай инспектордың бейнетіркегішіне түскен.

Енді бұл дәлелдер сотта ұсынылады. Ол полиция талабына бағынбағаны үшін жауап береді.

Сотта оның кінәсі дәлелденсе, 30 АЕК (110 760 теңге, 2024 жылдан бастап 1 АЕК – 3 692 теңге) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама