«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау мерзімі кейінге шегерілді

Динара Амантай

Құжаттарды қабылдау маусым айының ортасында басталуы мүмкін

egemen.kz

Елімізде «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім беру уақыты шегерілді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша азаматтардан өтінім қабылдауды шамамен 15 маусымнан бастағалы отырмыз. Бұған дейін БАҚ арқылы аталған бағдарламаға қатысуға құжат қабылдау 1 маусымнан басталады деп жариялағанбыз. Дегенмен қазіргі уақытта тұрғын үй төлемдерін субсидиялау жобасына басымдық беріліп жатыр. Сондықтан да осы жобаны аяқтап барып, «Бақытты отбасы» бағдарламасын бастауды жөн көрдік, – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 51 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса жоспарға сәйкес бұл бағдарлама арқылы 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады.

Тағы оқи отырыңыз: Елімізде ипотекалық несиелерді субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілуі мүмкін.