Димаш Құдайберген Ақордада еліміздің әнұранын орындады (ВИДЕО)

Динара Амантай

Әнші гимнді симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен айтты

Фото: видеодан скриншот

Димаш Құдайберген еліміздің әнұранын орындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Димаш әнұранды Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Бұл орындау Jibek Joly телеарнасынан трансляцияланды.

Еске сала кетсек, әйгілі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенмен бірге дуэт айтқысы келетінін хабарлаған болатынбыз.