×

«Үнсіздікті тоқтатайын»: Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты

Үрейлі, ауыр және ұят

 Халық үні 27.12.2023 | 22:45
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Салтанат Нүкенованың өлімі туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Оның айтуынша, өзіне де, балаларына да болған жағдайды түсіну үшін уақыт қажет болған. 

Үнсіздікті тоқтатайын деп ұйғардым. Салтанаттың қайғыға ұшыратқан өлімінен 40 күннен аса уақыт өтті. Өзіме де, балаларыма да болған оқиғаны түсіну үшін, санамда қорыту үшін уақыт керек. Балаларымызбен Салтанаттың туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз, - деп жазған ол.

Назым Бишімбаева Салтанатпен жеке таныс болмағанын айтты, бірақ балалары оны жарқын жүзді, қайырымды әрі өте ақкөңіл адам ретінде таныған.

Бұл қайғылы оқиғаның ауырлығы - оларға қамқор, қолдаушы әрі үлгі болуға тиіс жақын адамның жасағанында. Ал оның орнына - үрейлі, ұят және өте ауыр. Балаларымның басына түскен қиындықтарға қарамастан, олар әрқашан қайырымды әрі мейірбан болып өсетініне сенемін, - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама