×

«Құқығын қорғаймыз»: СІМ заңсыз ұсталған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді

Министрлік Өзбекстанға үндеу жолдады

 Динара Амантай 24.05.2022 | 14:22
Коллаж: Halyq Uni

Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристердің оқиғасын Сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров Үкіметте тілшілерге берген сұқбатында айтты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз, – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, ведомство видеоны арнайы қарап шығып, оқиғаның мән-жайымен толық танысты.

Әлеуметтік желілерде тараған Өзбекстан полицейлері біздің азаматтарға электрошокер қолданған видеоны көрсеңіздер, комментарийде өзбек халқының өзі құқық қорғау органдарының әрекетін айыптап жатыр. Дегенмен, біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ол жақта ішкі тергеу басталды, полицейлер қызметінен шеттетілді. Біз бұған араласпауға тырысамыз және азаматтарымызды қорғау мәселесіне қатысты тұсын ғана қадағалаймыз, – деп мәлімдеді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанның тәртіп сақшылары қазақстандық туристерді электрошокермен қинағаны туралы хабарладық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23