×

Өзбекстанның тәртіп сақшылары қазақстандық туристерді электрошокермен қинаған

Оларға қатысты тәртіптік жаза қолданылады

 Динара Амантай 23.05.2022 | 16:56
Коллаж: Halyq Uni

Самарқанның ІІБ қызметкерлері қазақстандық туристерді заңсыз ұстап, арнайы техникалық құралдарды қолданған. Бұл туралы Өзбекстан ІІД Telegram каналында ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Шохрух Гиясов мәлім етті.

Мамыр айының 20-сынан 21-іне қараған түні Самарқан қаласында ІІБ патруль-күзет қызметінің түнгі уақытта қызмет атқару үшін тартылған қызметкерлері Мирзо Ұлықбек көшесінде туристердің жеке басын тексеру барысында кәсіби этика нормаларын өрескел бұзып, қызмет бабын және арнайы техникалық құралдарды қолдану жөніндегі өкілеттігін асыра пайдаланған, – деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі.

Ол аталған факті бойынша Өзбекстан Республикасы ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі прокуратура органдарымен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Оның қорытындысы бойынша заң бұзған барлық қызметкерді, сондай-ақ олардың басшыларын жауапқа тарту және қызметінен шеттету мәселесі қаралады.

Аталмыш оқиға туралы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. 21 мамырға қараған түні Самарқанда тәртіп сақшылары бірнеше туристі, оның ішінде Қазақстаннан келген туристерді де ұстаған. Туристердің құжаты болғанына қарамастан, олардың жеке басын анықтау үшін электрошокерді қолдана отырып, мәжбүрлеп учаскеге жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама