×

55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді қалай алады – Еңбек министрінің жауабы

Төлем 2024 жылдан бастап беріледі

 Дәурен Ерболат 26.12.2023 | 10:51
көрнекі фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 55 жасқа толған және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілер арнаулы төлемді қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы министрліктің ақпарат жүйесі сынақтан өткенін атап өтті.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол пайдалануға дайын. (Арнаулы төлем) проактивті түрде және 4 көзден «Азаматтық үкімет» порталы арқылы бір төлеммен беріледі.

Біріншіден, еңбек ресурстарының порталында жұмысшы өзінің төлем мөлшерін көре алады. Ол жеке кабинетіне кіріп, логинін теріп, авторизациядан өтеді. Осылайша, жұмыс берушіге өтініш жібереді.

Екіншіден, жұмыс беруші сол өтініш арқылы еңбек шартын бұзады. Осы ақпаратты ол біздің жүйемізге енгізеді. Сол кезде біз макет даярлап, төлемдерді төлейміз, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары 55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді қалай алатынын түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама