×

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 21.12.2023 | 11:54
Фото: polisia.kz

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұрлық осы жылдың тамызында жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталды.

Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен. Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған.

Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама