Қазақстанда МӘМС-пен әлі 3,5 млн адам қамтылмаған

Еркеғали Болатұлы

Тіркелгендердің 5 миллионға жуығы – жалдамалы жұмысшы

фото: Halyq Uni

Елімізде 3,5 млн адам міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмай отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл санаттағылардың көбі жарнаны тұрақты төлемеген. Қалғаны тіпті ешқашан қаражат салмаған. Сәйкесінше, олар жоспарлы медициналық қызмет түрін ала алмайды.

Ал әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне 16 миллион адам тіркелген. Оның 11 миллионнан астамы жеңілдіктер санатына кірсе, 5 миллионға жуығы – жалдамалы жұмысшы.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру арқылы қызмет көрсетуге 2 трлн теңгеден артық қаржы бағытталған. Салада енді халықты осы жүйемен толық қамту және жұмысты одан әрі жетілдіру міндеті тұр.