Маңғыстау облысында жұмысшылар отырған автобус аударылды

Дәурен Ерболат

Олар вахтаға бара жатқан

Фото: inform.kz

Маңғыстау облысында жұмысшылар отырған автобус апатқа ұшырады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:40-та Ақтау-Қаражанбас жолының 144-шақырымында болған. 

Облыстық ПД мәліметінше, автобуста вахтаға бара жатқан жұмысшылар болған.

Көлік апатынан ешкім зардап шекпеді. Жұмысшылар басқа автобусқа отырғызылды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп жазылған хабарламада.