×

СҚО полициясы мектеп оқушыларын көмекке шақырып жатыр (ВИДЕО)

Ішкі істер департаменті жоғары сынып оқушыларына қосымша ақы берілетінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2023 | 12:33
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мектептің жоғары сынып оқушыларын бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова Қызылжар мен  Мамлют аудандарының жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырған.

Кездесуде полиция қызметкері мектеп оқушыларына қосымша ақылар туралы айтып, жедел уәкілдер мен тергеушілер, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үшін әрқашан бос орындар бар екенін атап өтті. Жоғары білім – офицерлік атақ алу үшін қажетті шарт. Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының курсанттарына мемлекет есебінен жабдықталып, киім-кешек алады. Ал біз өз тарапымыздан түлектерге бос орындарды алдын ала дайындаймыз. Сондықтан оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Біз қызметке өңірді жақсы білетін, жаңа жерге бейімделу үшін ұзақ уақыт талап етпейтін адамдарды алғымыз келеді. Соған өзіміз мүдделіміз, – деді Сәуле Андағұлова.

Оның айтуынша, полициядағы қызмет өз-өзін жан-жақты жетілдіруге тамаша мүмкіндік береді.

Аудандардан келген жоғары сынып оқушылары полиция қызметкерімен жақсы әңгіме болғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама