×

Ақмола облысында мүгедектігі бар 800 бала тамақпен қамтамасыз етілмеген

Прокуратура ерекше балалардың құқығын қорғады

 Динара Амантай 08.12.2023 | 10:14
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың құқығын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қолданыстағы заңнамада («Білім туралы» Заңның 6-бабы) жергілікті атқарушы органдарға мұндай балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша міндеттер бекітілген. Осыған қарамастан, ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған және облыс әкімдігінің «мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулысында ескерілмеген.

Аталған бұзушылықтар Ақмола облысы прокуратурасының араласуынан кейін жойылып, 800-ден астам баланың құқығы қорғалды. Нәтижесінде, «мүгедектігі бар балалар» сияқты санаттар әкімдік қаулысына қосылып, олар тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама