×

Шымкентте полиция көлік жүргізушілерінен 20 млн теңге өндіріп алды (ВИДЕО)

119 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2023 | 15:50
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласында 4-8 желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, акцияның екі күнінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары берешегі бар көлік жүргізушілерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алған.

Сондай-ақ қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұраққа қойылды. Мәселен, күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның көлік жүргізу құқығынан шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Көлік бірден айыппұл тұрағына қойылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама