×

Ажар Ғиният немересі вакцина алғаннан кейін өзін қалай сезінгенін айтты

Дәрігерлер оны екпеден болған деп түсіндірді

 Дәурен Ерболат 29.11.2023 | 16:59
Фото: ОКҚ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 5 жастағы немересіне қызылшаға қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, екпеден кейін бала өзін жайсыз сезінуі мүмкін.

9 жастағы немерем 6 жасында екпе алды. 5 жасар немерем де вакцина салдырды. Төртінші күні оның температурасы көтеріліп, құса бастады. Дәрігерлер мұны екпеден болған деп түсіндірді. Бір күннен соң аурудың белгісі байқалмады. Сізге жағдайдың қалай болғанын өзгертпей айтып бердім, - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін 104 мың балаға екпе салынбағаны хабарланған еді. Бүгінде елімізде қызылша ауруы өршіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама