×

Елімізде саусақ ізін алу міндеттелмейтін болды

Ал шетелдіктер үшін ол міндетті болып қала береді

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2023 | 12:30
фото: Halyq Uni

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді, яғни саусақ ізін алуды міндеттеуді алып тастау жоспарланып отыр.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін тіркеу 2024 жылдан басталуы керек еді. Алайда норма қолданысқа енбеуі мүмкін. Бұл өзгеріс Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялар мәселесі бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін міндетті саусақ ізін алып тастау. Шешім көптеген өтініштерге, қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтардың конституциялық құқығы үшін, сондай-ақ сарапшылардың пікіріне байланысты қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Ал шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді, - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама