×

Қазақстандықтардан саусақ іздерін алу қашан басталатыны айтылды

Бұл тек құжатының мерзімі біткен азаматтарға міндеттеледі

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 13:38
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстандықтардан саусақ іздері жеке куәлігінің мерзімі біткенде ғана алынады. Осылайша, құжатқа саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қожаевтың айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін дактилоскопия жүргізілмейді.

Мұны аудиторияға жеткізу керек. Бұл заң («Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы») 2016 жылы қабылданды. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, көп елде бар тәжірибе. Мысалы, Түркия мен Өзбекстан бұл жүйені баяғыда енгізген. Басты мақсат – жеке басын куәландыратын құжаттарға қосымша биометриялық қорғау енгізу, - деді Марат Қожаев.

Вице-министр қазақстандықтарды еш алаңдамауға шақырды.

Саусақ іздері қалай сақталады және қорғалады? Олар жүйеге кодификацияланған белгілер түрінде енгізіледі. Бұл кез-келген адам оны (саусақ іздерін) ала алады дегенді білдірмейді. Керек болған жағдайды арнайы идентификатор (саусақ іздері – авт.) кімге тиесілі екенін анықтауға көмектеседі, - деді вице-министр.

Сондай-ақ Марат Қожаев ел азаматтары саусақ іздерін қашан тапсыратынын айтты.

«Қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2016 жылы аталған заң қабылданғанын айттым. Ол 2024 жылы күшіне енеді. Бұл бәріңіз дактилоскопия тапсыруға барасыздар дегенді білдірмейді. Мысалы, сіздің куәлігіңіздің немесе төлқұжатыңыңдың қолдану мерзімі аяқталды дейік. Құжат беру жүйесі ХҚКО-да жүргізіледі. Ол өзгермейді. Сондай-ақ сіздің жеке құжатыңызға саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі», - деді министрдің бірінші орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама