×

50 жастан асқан қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игеріп жатыр

Жоба 2 ай бұрын іске қосылған

 Дәурен Ерболат 29.11.2023 | 10:30
Фото: adukar.com

50 жастан асқан қазақстандықтар «Күміс жас» жобасы аясында жаңа мамандықтарды игеруде, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оларға жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік берілді. Платформада арнайы бөлім 2 ай бұрын іске қосылған. Осы уақыт ішінде оған 4,5 мыңнан аса адам тіркеліп, оның 3,2 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды. Курсты аяқтаған соң Enbek.kz порталында түйіндеме автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші өзіне керек маманды осы түйіндеме арқылы таба алады.

Сондай-ақ жобаға қатысушылар «Тамақтану» бағыты бойынша «Аспаз», «Наубайхана ісінің негіздері» және «Кондитерлік шеберхана» курстарында, «Ауыл шаруашылығы» саласында – «Үйрек, қаз өсіру», «Құс шаруашылығы», «Жылыжайларда лимон өсіру» курстарында оқуды жөн көреді.

«Қаржы және есеп» бағыты бойынша азаматтарды «Сақтандыру агенті», «Кассир» және «Бухгалтер» сияқты курстар қызықтырады.

Айта кетейік, Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» жобасында ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар, энергетика сияқты бағыттар бойынша 130-дан аса курс бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама