Қызылорда облысында КамАЗ бен автобус соқтығысып, 4 адам жарақаттанды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында КамАЗ бен автобус соқтығысып, 4 адам жарақаттанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 қарашада сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылы тұсында «М-32» Шымкент-Самара тасжолы бойында КамАЗ автокөлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, қарсы бағытта Шымкент қаласына бара жатқан автобусқа соқтығысқан.

Салдарынан автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға түсті.

Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.