×

Костенко шахтасындағы апат: Димаш Құдайберген отбасыларға 20 млн теңге аударды

Балалардың әкелері шахтада көз жұмған

 Дәурен Ерболат 18.11.2023 | 13:18
Фото: dimashnews.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 млн теңге аударды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облысының Костенко шахтасында болған апаттан 46 кенші көз жұмған еді. Олардың отбасына мемлекет пен кәсіпкерлер көмектесіп жатыр. Танымал әнші де бұл отбасыларға көмектесуді жөн деп тапқан.

Кеше Димаш Құдайберген сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 млн теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарластым. Ол растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой, – деп жазды белгілі ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тегі парақшасына.

Еске сала кетсек, биыл 28 қазанда түнгі сағат 02:33-те Қарағанды облысының Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғаға байланысы елімізде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Сондай-ақ Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама