×

Ақсу қаласында жас жігіт 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқан

 Еркеғали Болатұлы 17.11.2023 | 15:26
фото: Halyq Uni

Павлодар облысының Ақсу қаласында 26 жастағы жігіт 12 жастағы оқушы қызды оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Қыздың анасының айтуынша, күдікті мектепке дейін қызбен бірге еріп барып, «қайталап жасауын» талап еткен.

Қалалық білім бөлімі ақпаратты растады. Жәбірленуші тараптың арызы негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама