×

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері тәркіленді

Олардың жалпы салмағы 170 келі болды

 Динара Амантай 17.11.2023 | 12:21
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі. Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылған. Қызыл кітапқа енген жануардың жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама (соның ішінде биологиялық және трассологиялық) тағайындалды. Мемлекетке келтірілген зияны – шамамен 2 млрд теңге, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама