×

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Полицияға 10 адам жеткізілді

 Динара Амантай 14.11.2023 | 11:00
Фото: polisia.kz

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын ұстады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоққы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде 4 атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

Полицияға 10 адам жеткізілді. Оның ішінде топтың ең белсенді 4 мүшесі қамауға алынды. Қазір ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама