×

Петропавлда екі көшенің қиылысынан 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 17:32
фото: Halyq Uni

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды.

11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысынан 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама