×

Астана сотында футболдан әлем чемпионаты көрсетіліміне қатысты іс қаралды

ЖШС 345 мың теңге өтемақы төледі

 Халық үні 11.11.2023 | 13:03
фото: Қазақстан футбол федерациясы

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында авторлық құқыққа қатысты азаматтық іс қаралды.

Акционерлік қоғам берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-ға талап қою бойынша жүгінген. Талап қоюшы екінші тараптың футболдан әлем чемпионатының трансляциясына авторлық құқықты бұзғанын айтты.

Азаматтық істі қарау барысында трансляцияны үй-жайды жалға алған ЖШС жүргізгені анықталды.

Соттың дауды реттеу бойынша жұмыстарды жүргізуі барысында тараптар бітімгершілік келісім жасасу туралы келісімге келді. Осының нәтижесінде ЖШС АҚ-ға 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төлейтін болды, бұл 345 мың теңгені құрайды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама